05 Нау 2021
Жаңалықтар Дамдинская

Дәмді орта мектебінің Ыбырай Алтынсариннің  туғанына 180 жылдығына өткізілген іс – шаралар есебі

      01.03.2021 жылы Дәмді орта мектебінің 4 сынып оқушыларымен «Қазақ даласының дара ұстазы» Ыбырай Алтынсариннің ұстаздық жолы мен қазақ даласының, келешек ұрпақтарының қамы үшін жүргізілген еңбектері туралы оқушыларға түсіндіре отырып, ұлы ұстаздың еңбегін дәріптеп, шығармашылығына  деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында конференция өткізілді. Ы.Алтынсарин мұрасының  « Кел, балалар, оқылық » атты тақырыпта оқушылар ағартушы ғалымның өлең жолдарын жатқа айтты.

    Сонымен қатар 01.03-05.03.2021 аралығында  оқушыларға  мектептегі буккроссинг бұрышында Ы.Алтынсариннің әңгімелерінің тәрбиелік мәнін насихаттау мақсатында күн сайын әңгімесін оқып, талдау жасалады. Мысалы 5 сынып оқушылары «Атымтай Жомарт» әңгімесін оқып, көрініс қойылды.

    02.03.2021 жылы  «Кітап – білім бұлағы» атты  іс-шара ұйымдастыру барысында оқушылармен танымдық әңгімелер, мерейгер-жазушы кітаптарына шолу өткізіліп, слайд- презентацияларды, видеороликтер  тиімді пайдаланылды.

     Бұл іс-шаралар оқушылардың  қоғамдық белсенділігін арттырып, кітап мәдениетіне баулиды. Апта сонында белсене қатысқан оқушыларға марапаттау жүргізіледі.

 Орындаған: кітапханашы Айдарбекова Л.М.

Тел: 87776266863